Отзывы студентов о академии дизайна и технологии Сымбат

  • Мамыт Айкерім

    Мен Сымбат дизайн және технология академиясына 2012 жылы «Дизайн» мамандығына оз қалауыммен түстім. Маган осы оқу орында ұнайды. 1ші курстан бастап қызыкты сан алуан пәндер өтудеміз. Бұл жерде сурет өнерімен сусындатып, ҚР Жас суретшілер одағының мүшесі атанудамын. Осының бәрі аса беделді ұстаздарымыздың арқасы. Сол себепті ең бірінші Сымбат академиясының ұстаздарына мың алғыс. Өзімнің оқу үлгерімімнің жоғарылығына байланысты президент степендиясына ие болдым, осының бәрі маған үлкен жетістік. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні бізге осындай мүмкіндік беріп отырган ректорымыз С.Ж.Асановаға мың алғыс. Жас түлектерге айтарым Сымбатқа білім алуға келсеңіздер өкінбейсіздер!

     

    Мамыт Айкерім
    Костюм дизайны мамандығының 4 курс студенті
  • Косанова Айгерим

    Я студентка Академии Дизайна и Технологии «Сымбат» 4 курса , по специальности «Дизайн-интерьер», Косанова Айгерим.

    Мне нравится здесь учится. С начало учебного года у нас все стабильно. Преподаватели уважаемые личности в области искусство. Предметы очень интересные, мы узнали многое. Каждый семестр у нас проходят интересные выставления. У нас есть возможности для участия в интересных конкурсах, выставках и различных мероприятиях. Нам нравится студенческая жизнь в университете. Здесь очень классно!

     

    Косанова Айгерим
    студентка 4 курса "Дизайн-интерьера"
  • Айтбенбет Шынаргүл Көбейкызы

    Мен Айтбенбет Шынаргүл Көбейкызы, 2014 жылдын шылдесыненде «Сымбат» дизайн және технология академиясының колледжіне «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығына оқуға түстім. Мен бұл колледждің 2курс студентімін.Маған өз мамандығым өте қатты ұнайды,осы уакыт аралыгында уакытымды керемет өткіздім деп айта аламын! себебі: Мұгалімдеріміз жайдары әр-бір баланың психикасына терең үңіледі, неше түрлі іс-шаралар болып тұрады.ар-бір минутымды санап уакытты көңілді өткізуге керемет мүмкіндіктер береді. Егер ар-бір студент «Сымбат»-та беріліп жаткан былымды бойына сіңіріп сабағын жаксы окыса,болашакта керемет мамандык иесі атанатыны сөзсіз!

     

    Айтбенбет Шынаргүл Көбейкызы
    "Тігін өндірісі және киімді модельдеу" мамандығы 2 курс
  • Ақдәулет Айжан

    Мен кішкентай кезімнен Дизайнер болуды армандаған едім. Соны білген Алматы қаласында оқып жүрген ағам, маған Сымбат Дизайн және Технология Академиясының Дизайнер мамандарын дайындайтындығын айтты. Соны байқап көруге Ақтөбе қаласынан Алматыға жол тарттым, арман қуып. Мұнда келгеннен бәрі бірден ұнады. Осы жер менің арманымның бірінші сатысы екеніне сенімді болдым. Музейдегі студенттердің жұмыстарын көрген менің таңқалысымда шек болмады. Осы оқу орнына ойланбастан құжаттарымды тапсырдым. Қазір осы оқу орнының студенті бола отырып, мақсатыма жол ашудамын. Білікті маман болам деген сеніммен оқуымды аяқтауымды күтіп жүрмін. Сән әлемінің есігін ашуға асықпын!)))

    Ақдәулет Айжан
    Дизайн факультеті, ДК-11-1 тобы, 4 курс студенті
  • Сағынғалиева Самал

    Мен Сағынғалиева Самал Сымбат академиясының 4 курс студенті. Мен Сымбат Академиясына өз қалауыммен келдім. Сымбат академиясының студенті болу менің бал кезгі арманым болды. Оқуды бітіре сала, ойланбастан осы академияға келіп түстім. Осы оқу орнында оқитыныма өкінбеймін. Бұл оқу орнында мен көп нәрсені үйрендім; сурет салуды, тігуді үйрендім. Көптеген достарым пайда болды. Академияның мұғалімдерінің сабақ бергендері, киім киістері ерекше. Әркімнің өз стилі бар. Осы өнер ордасында оқығаным үлкен бақыт!!!

    Сағынғалиева Самал
    Дизайн факультеті, ДК-11-1 тобы, 4курс студенті,
  • Казкенова Инабат

    Мен 2011жылы  оқу бітіріп, оқуға тапсыру керек болып, оқулар жайлы мағлұматтар карадым. Біздің үйде «Егемен Қазақстан» деген газет бар болатын. Соны ақтарып отырып сонда грантқа түскен студенттердің тізімі бар бетін көріп, содан әпкем  «Сымбат Академиясын» көріп қалып, осы оқу орны жақсы, Қазақстандағы Сымбаттың костюмдері өте адемі, осыған тапсыр деп ұсыныс білдірді. Сосын сол академия жайында біліп келіп, мамандықтарын көріп, ұнатып, оқуға түстім. Мен бұл академияда сәндік қолданбалы өнер мамандығында оқып бітірдім. Мамандығым өзіме қатты ұнайды. Өмірімде жасап көрмеген заттарымды жасап үйрендім. Гобелен, батик, ши тоқу, киіз басу осының бәрін осында оқып жүріп үйрендім. Бұл академияда озінің ісін жақсы меңгерген апай, ағайлар көп. осындай сирек кездесетін мамандық иесі болғаныма мақтанам.

    Казкенова Инабат
    ДПИ-11-1тобы
  • Дауитова Ботакөз

    Мен оқуым туралы құрбымнан естідім. Бұл жерге түсуімнің себебі? Мен қалаған мамандықта үйретуі және құрбымның сабақ жұмыстарын көріп, қызығушылығым арта түсті. Мен бұл оқу орынды таңдағаныма қуаныштымын! Мен өз мамандығым жағынан сабақтар алып жатырмын,  «Сымбат» оқу орны сән саласындағы мақсаттарға жол ашады!!!

    Дауитова Ботакөз
    МК-11-14-1 тобы, 1 курс студенті
  • Сануар Жібек

    Менің бала күнімдегі арманым өте көп болды, бірақ мен атақты, елге силы, бүкіл әлем танитын дизайнер, тігінші болғым келді. Міне мен қазіргі таңда сол арманыма аз да болса, қол жеткіздім. Яғни, мен қазір «Сымбатта» оқып жүрмін. Маған Сымбатта оқыған ұнайды.

    Сануар Жібек
    МК-9-14-1 тобы, 1 курс студенті
  • Жаймурзаев Дархан

    Мен Атырау облысында 9 жылдық негізгі білім алған соң колледжге оқуга  түсем деп шешім қабылдадым. Ер бала болсамда, осы тігін жолын таңдаған маған, анам осы академия жайында мағлұмат беріп, осыған түсуге шешім қабылдадық бірауыздан. Мұнда мен Оразбек ағайдың майлы бояумен сурет салу үйірмесіне қатыстым. Ол ағайдан көп нәрсеге үйрендім.  Оған қоса, үйімеге қалаған адам ақысыз қатыса алады. Бояулармен кәсіби деңгейде жұмыс жасауды үйрендім. Әр күнім жаңалыққа толы болды. Әсіресе композиция, цветоведение сынды сабақтарды сүйіп оқыдым. Көптеген еңбектенудің  арқасында 2014жылы «Open Way»-2014 ке қатысып, Көрермендер көзайымы сыйлығына ие болдым. Сол жылы оқуды да тәмәмдадым. Қазір сән индустриясындағы алғашқы қадамдарымды жасаудамын. Ұстаздарыма үлкен рахмет!

    Жаймурзаев Дархан
    ДО-9-10-1 тобының студенті
  • Досахаев Мейіржан

    Мен бұл оқу орны жайлы өзімнің жерлес, танысымнан білдім.  Келіп көрейін деп ойладым. Келгеніме дән риза болдым. Осыншалықты керемет суреттер, туындыларды көре сала,  бұл жерге ғашық болдым.  Сурет салу өнерін жетілдіру мақсатында Оразбек Есенбаев ағайдың үйірмесіне қатыстым. Әлі де қатысып жүрмін. Сол еңбегімнің арқасында БАӘ Дубайда өткен «Робин гуд» көрмесіне қатысып, 2-ші орынды иелендім. Әлі де алынатын белестер алда екендігіне кәміл сенімдімін.

    Досахаев Мейіржан
    ДИ-12-1 тобының студенті